• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:28

Сырдария суы ортақ келісіммен үлестіріледі

60 рет
көрсетілді

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері Сырдария өзенінде су бөлу тәртібін бекітті. Тараптар вегетациялық кезеңге арналған су-энергетикалық режімдерді Ташкенттегі халықаралық энергетикалық форум аясындағы кездесулер нәтижесінде келісті. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Өзбекстандағы халықаралық форумға 30-дан астам елден сарапшы, кәсіпкер, мемлекеттік орган өкілдері, энергетика саласының мамандары қатысты. Сессиялар мен панельдік талқылауларда 90-ға тарта спикер сөз сөйледі. Іс-шара аясында жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі, аймақтық ынтымақтастық және болашақ энергетикалық шешімдер сынды маңызды мәселелер қаралды. Осылайша, форум қатысушылары саланың даму келешегін талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Еліміздің Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Өзбекстанның энергетикалық апталығы» (CAEx) көрмесінің жұмысына арнайы қатысты. Онда қазақстандық ком­паниялардың стендтеріне назар аударып, олардың саланы дамытуға және инновациялық жобаларды іске асыруға қосқан үлесін атап өтіп, энергетика саласындағы заманауи технологиялар мен әзірлемелермен танысты.

Ташкенттегі халықаралық энергети­калық форум аясында Е.Ақкенженов өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағыт­талған бірқатар маңызды кездесу өткізді. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның энергетикалық және су ресурс­тарына жетекшілік ете­тін министрлердің жоспар­лы үшжақты кездесуі ұйымдас­тырылып, оның қорытындысы бойынша энергетикалық нысандар жұмысының келісіл­ген режімдерін және алдағы вегетациялық кезеңге Сырдария өзені бассейнінде су бөлу тәртібін айқындайтын хаттамаға қол қойылды.

Бұл Су ресурстарын теңгерім­ді пайда­лану­ды және Орталық Азия­ның энергия жүйе­лерінің тұрақ­ты жұмысын қамтама­сыз етуге бағыт­талған үш елдің тұрақ­ты ынты­мақтастығы шең­беріндегі маңызды қадам болды. Мұндай режімдерді әр вегетация­лық кезеңге дейін талқы­лау және келісу елдер­дің қазір­гі гидро­логия­лық жағ­да­йын және су мен энер­гети­калық ре­сурстарға деген қа­жет­тіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

– Біз энергетикадағы техно­логиялық жаңалықтарды қадағалап, өндірушілерімізге қолдау көрсету­ді жалғас­тыра­мыз. Бұл секторды жаңғырту және өңірлік әріптес­тігімізді нығайту үшін маңызды, – деді Е.Ақкенженов. 

Соңғы жаңалықтар