20 мамыр - «Айсұлу»
«Астана Опера» сахнасында Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы қойылады. Либретто авторлары – Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітов.
23 мамыр - «Жасаусыз қалыңдық»
Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Александр Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық» драмасы сахналанады. Режиссері – Мұқанғали Томанов.
23 мамыр - «Маугли»
Астана қаласындағы Қуыршақ театрында «Маугли» ертегісі ұсынылады.
30 мамыр - «Жанарымдағы жалғыз әуен»
Жастар театрында Нұрқанат Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымы болады. Режиссері – Нұрқанат Жақыпбай.