• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Таным Бүгін, 07:55

Катарсис

20 рет
көрсетілді

Катарсис – қайғы арқылы тазару, азап арқылы арылу. Аристотельдің пайымдауынша, адам мехнат арқылы, өнер арқылы да тазара алады. Рабиндранат Тагор бір өлеңінде бақытты болуға үмітті адамның ішкі күйзелістен өтетінін айтады.

«Түсімде өмір – қуаныш деймін мәңгілік,

Оянсам оным – борышым екен, ауыр жүк.

Көтеріп жүкті, еңбекпен алға талпындым,

Қуаныштың мағынасын сонда ұқтым».

Бақытты өмір кез келген жанның арманы десек, алайда сол арманға жету үшін тоқтамай еңбек еткен адамның кейде сүрінері сөзсіз. Бірақ сол арқылы бақыт шуағының кекілі көрінеді. Дат философы Кьеркегордың «Бақыттың есігі әрқашан «сыртқа» қарай ашылады» деген даналығы бар. «Ал оны ішінен ашуға ұмтылған адам үшін бақыттың есігі мәңгілік жабық».

Гетенің «Жас Вертердің қасіреттері» катарсис арқылы жаңа өмірге қадам басқан ақынның шынайы болмысын ашады. Сүйіктісінен айырылған мұңқұмар жігіттің ішкі арпалысы шығармада шебер бейнеленген. Күллі Еуропаны елең еткізген соны туынды романтизмнің іргелі қарлығашының бірі еді. Шығармада азап арқылы жан дүниесі жуылған, жырылған, қажыған жанның соқпақты өмірі адам жүрегінің күрделі үдерісін айшықтайды.

Жаңа махаббат, жаңа өмір

Жүрегім, жүрегім, не болды,

Сенің өміріңді қандай ойға шомдырды?

Мен сені еш түсінбедім,

Жаңа өмірдің терең тұңғиығына сүңгіп кеттің.

Катарсис – терең тұңғиыққа сүңгу арқылы сол тұңқиықтан інжу табу, жанған айдай жаңа алқаны алып шығу. Кез келген бақытсыздықтың астарында үлкен мән бары даусыз. Керісінше, неміс ақыны Гелдерлинг айтқандай, «біз бақытсыздығымызға қарай жақындағанда дами түсетін» секілдіміз.

Ал сіз қандай күйді бастан кешіп жүрсіз?