• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 11:58

Жайсаңдағы бекетте заңсыз мигранттар ұсталды

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара  бекетінде Ресей Федерациясына бағыт алған транзиттік бағыттағы  жүк көлігін тексеру кезінде заңсыз мигранттар ұсталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

 

Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болған 29 шетелдік   транзиттік көлікке тиелген 22 тоннаға жуық сoca-сola сусыны жәшіктерінің артына жасырынған, деп хабарлайды egemen.kz. ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сүйене отырып.

Қазіргі уақытта ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қылмыстық Кодекстің  394-бабымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҰҚК Шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Ақтөбе облысы.