• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:26

Жыл басталғалы 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған

20 рет
көрсетілді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдардағы еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісін анықтап,  кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 283 ұйғарым беріліп, 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Бұл – 1 мамырдағы жағдай бойынша деректер, деп жазады Egemen.kz.

Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,3 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 355,3 млн теңге төленген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 891 тексеру жүргізді, оның барысында 2 338 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1 920; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 401; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.