• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Ипотека 14 Мамыр, 2025

Жастар үшін жеңілдетілген ипотека

80 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі­нің дерегінше, жұмыс істейтін жас­тар­ға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы қаты­су­шы­­­лары­ның 81%-ы жеңілдетілген ипотека­ға өтініш берген.

Мемлекет жалдамалы тұрғын үй бағдарлама қатысушыларына тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды.

Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиал­дарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар жалпы санының 81%-ы. Нәтижесінде, 647 адамға несие берілген. Қазір 321 адам баспана іздеп жатыр. Қалған қатысушылардың да төлем қабілеттілігі анықталмақ.