• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Баға Бүгін, 10:05

Қыс көмірін жаз қамда

20 рет
көрсетілді

Еліміздегі коммуналдық-тұрмыстық көмір қа­жет­тілігінің 40%-ын қамдап отырған «Шұбар­көл көмір» АҚ 2024–2025 жылыту маусымын табысты аяқтағанын мәлімдеді. Кеншілер тұтынушылардан түскен тапсырыстарды түгел қамдап берген. «Бұл жылыту маусымында негізсіз қарбаластардан алшақ болуға сеп», дейді Көмір дивизионының жетекшісі, «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

«Шұбаркөл көмір» АҚ қы­рық жылға жуық кө­мір өндіріп, сатып ке­леді. Ка­лориясы жоғары әрі күл­ді­лігі төмен болған­дық­тан, Шұ­баркөл көмірі тек ел аума­ғында ғана емес, шет ел­дерде де жоғары сұра­нысқа ие.

Шұбаркөл көмірі ТМД мен алыс шетелдер­ге де экспортталады. 2025 жыл­­дың сәуірінде кәсіп­орын ре­кордтық межені бағын­­ды­рып, шет елдерге 728 мың тонна көмір жеткізді.

Өндірілген жалпы көмір көлемінің төрт­тен бірі ел ішіндегі ком­му­налдық-тұрмыстық қа­жет­тілікке бағытталады. Өнім еліміз­дің төрт тарабына түгел жө­нел­тіледі. Жылыту мау­сымында (2024 жылдың тамызы мен 2025 жылдың сәуірі аралығында) 2 656 974 тонна көмір жөнелтілді. Бұл – ұйымшыл команда­ның жұмыла атқарған жұмы­сының жемісі. Әсіресе тау-кен көлік, теміржол, тау-кен цехтарының жұмысын бөле-жарып айтуға болады.

Сергей Кимнің айтуынша, компания мем­­­лекет­тік орган­дар, со­ның ішін­де әкімдік­­тер алдындағы көмір жет­кізілім­дерінің тұрақтылы­ғын қамтамасыз ету мен кезек, қатты отын тапшылы­ғын болдырмау міндеттерін түгел орындап шыққан.

– Жылыту маусы­мын көмірдің жеткілік­ті мөл­шерімен аяқтауы­мыз­ға байланысты «Шұ­бар­көл көмір» АҚ тұтыну­шылардан қажетті көмірді алдын ала сатып алуларын өтінеді. Бұл қыста, дәстүрлі түрде сұраныс күрт артқан тұста ұзын-сонар кезек пен көмір тапшылығын болдырмауға септігін тигі­зеді. Әкімдіктерге ерекше екпін түсіріп, қажетті көмір көлеміне тапсырыстарды уақтылы жолдауларын сұ­раймыз. Бұл қыста үздіксіз жеткізілімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп атап айтты Сергей Ким.

«Шұбаркөл көмір» АҚ тұрғындар мен мекемелерге сапалы өнім жеткізе отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосып келеді.