Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 510,06 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,33 теңгеге төмен.
Сол уақытта ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орта есеппен 510 теңге, сату — 513 теңге шамасында жүргізіліп жатыр.