• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Мамыр, 2025

Отандасымыз таеквондадан әлем чемпионатында топ жарды

40 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейрада қаласында жастар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жастар арасындағы бұл спорт бәсекесіне 81 елден 800-ден астам қатысушы келген. 

Әлемнің үздік таеквондашылары сынға түскен додада 61 келіде отандасымыз Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль еншіледі.

Финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді. Айта кетейік, Фуджейрадағы таеквонда тартысы 14-мамырға дейін жалғасады.