• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 12:50

Халықаралық турнирде балуандар 9 медаль еншіледі

30 рет
көрсетілді

Астанада үш күн бойы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтіп, оған 44 елдің 358 спортшысы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша белдесті, деп жазады Egemen.kz. 

 

Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары), Талғат Орынбасар (60 келі) күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Аман Бақытжан (60 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Есет Қуанов (73 келі), Бақжан Байтас (100 келі), Марат Байқамұров (100 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша ел қоржынына 3 күміс пен 6 қола медаль түсті.

Еске салайық, биыл Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы елімізде үшінші рет өтті. Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.