• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Экология Кеше

Алматыда жер сілкінді

60 рет
көрсетілді

Алматы облысы және қала тұрғындарының смартфонына жер сілкінісі туралы төтенше хабарлама келген.

Көп ұзамай Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі кеше Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркегенін растады.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде болған.

Есептік қарқындылығы (балмен): Алматы қаласы 2 балл, Қарасай қаласы (Қаскелең) 2 балл, Қарғалы ауылында 2 балл тіркелген.

Ал Android Earthquake Alerts System деректері бойынша, шамамен 4,3 магнитудалы жер сілкінісі 20:35-те болып, Қазақстан мен Қырғызстан аумақтарын қамтыған.

Соңғы жаңалықтар