• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы Бүгін, 10:33

Ақтауда түркітілдес елдер арасында тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

20 рет
көрсетілді

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты осы жылдың күзінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп жоспарланып отыр.     TurkicSkills-2025-ке Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолияның жұмысшы мамандары қатысады.

Оқу- ағарту министрлігінің мәліметінше, жарыс ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және жеке қызметтер сынды 15 негізгі құзыреттілікті қамтиды. Мобильді робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Жобаны ҚР ОМ жанындағы «Talap» КЕАҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі жүзеге асырады.

Айта кетейік, бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ.

Соңғы жаңалықтар