13 мамыр - «Қар қызы»
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» драмасы қойылады. Режиссері – Шағуан Үмбетқалиев.
15 мамыр - «Қош бол, Қараой»
Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық Қазақ драма театрында Тәкен Әлімқұловтың «Қош бол, Қараой» реквиемі көрсетіледі. Режиссері – Мұқанғали Томанов.
16 мамыр - «Жібек»
Жастар театрында Ғабит Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклі сахналанады. Режиссері – Нұрқанат Жақыпбай.
18 мамыр - Астана кешінде...
«Астана Опера» сахнасында «Жанымды тербеткен әуен» ретро-концерті ұсынылады.