• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Технология Кеше

Цифрлы бейін – мемлекеттік органдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыратын тың құрал

40 рет
көрсетілді

Озық технологиялар қарқынды дамыған кезеңде мемлекеттік органдарды цифрландыру мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі бағытына айналды. 

Қаржы министрлігі қолға алған мемлекеттік органның цифрлық бейіні – цифрлы трансформацияның маңызды құралдарының бірі. Бұл қызметті жан-жақты талдауға және ведомстволар жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Цифрлы бейін – цифрлы даму деңгейін және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін көрсететін өзекті деректердің жиынтығы. Ол ашық ақпарат көздеріне негізделген. Мысалы:

• тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI), даму стратегиялары мен жоспарлары;

• бюджетті жоспарлау мен орындау туралы деректер;

• жоспарланған және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат;

• басқа құрылымдық цифрлы деректер.

Жасанды интеллектті пайдалану арқылы қалыптастырылатын барлық болжамдық деректер экономика шындығына және бюджеттік саясат талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін мамандардың қатысуымен тексеруден өтуі тиіс.

Цифрлы бейінді енгізудің бірінші кезеңінде қызметтің мақсаттары мен нәтижелерін цифрландыру мүмкін болып, бұл тиімділікті цифрлар арқылы талдауға және әлсіз жақтарын анықтауға жол ашты. Бұл ашықтықты арттыруға және басқару процестерін оңтайландыруға негіз болды.

Мемлекеттік органдардың цифрлы бейіні шешім қабылдаудың жеделдігін, басқарудың ашықтығын және бюджетті жоспарлаудың нәтижелігін арттырудың тиімді құралы ретінде өзін көрсетті. Аталған тәсілді енгізу белгілі бір сын-қатерлерге неғұрлым дәл әрекет етіп, мемлекеттік басқару процестерін жақсарту мен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға оң әсер етеді.