• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Мамыр, 2025

Әскери шеруді Қостанай тұрғындары да тамашалады

70 рет
көрсетілді

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парад Қостанай қаласының орталық алаңында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан қала тұрғындары орталыққа жиналып қолшатыр астында тұрып Жеңіс шеруін тамашалады. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ерлерді еске алып, тарихқа тағзым етті.

​Астанадағы әскери шеруге Қостанай облысынан барған қарт майдангерлердің сапында 100 жастағы Қасымхан Алдабергенов пен 97 жастағы Леонид Дячков та бар.