Қазір көпшілік таңдаған тауарына онлайн тапсырыс беруге әбден дағдыланды. Бұл әрі тиімді, әрі кейде арзанға да шығып жатады. «Ozon Қазақстан» жүргізген зерттеуге сәйкес азаматтардың 50%-дан астамы әсіресе сыйлықтарды интернет арқылы сатып алуды жөн көреді екен.
Әрине, онлайн тапсырыс беру кезінде тұтынушылар маркетплейстер көмегіне жүгінеді. Өйткені олардың ассортименті кең, бағалары тартымды және қажетті өнімді тез табуға болады. Ozon.kz статистикасы бойынша 2024 жылы бір пайдаланушыға келетін тапсырыс жиілігі 2023 жылмен салыстырғанда 56%-ға өскен.
«Ел тұрғындары онлайн-шопингті тиімді пайдаланады: сауалнама нәтижелеріне сәйкес сатып алушылардың көбі (43,9%) тауарларды таңдау кезінде әртүрлі алаңдағы ұсыныстарды салыстыра отырып, сапа мен баға арақатынасын басшылыққа алады. Респонденттердің үштен бірі (32,3%) «Таңдаулыларға» немесе «Себетке» қосылған тауарларға жеңілдіктер болуын қадағалап отыратынын растады. Сондай-ақ әрбір үшінші (30,9%) азамат сауданы ақша (жалақы, сыйақы) түскенге дейін кейінге қалдырады. Респонденттердің сондай бөлігі (шамамен 30,5%) сауда жасамас бұрын тауарды сатып алу қажеттілігін бағалап, өзіне «ойлануға уақыт» береді. Ең аз танымалы (14,9%) «көрдім – сатып алдым» эмоционалды сценарийі болды, бұл тұтынушылардың шопингке деген саналы әрі ұтымды көзқарасын дәлелдейді», деп мәлімдейді.
Тұрғындар мерекеге дайындық кезінде маркетплейстерді жиірек таңдайтын көрінеді. Респонденттердің 54,8%-ы мерекелік сыйлық пен тауарларға интернет арқылы тапсырыс беруді таңдаса, 39,4%-ы ғана дәстүрлі дүкендерді қолай көрген.
«Бұл үрдіс түрлі тауар санаттарында байқалады. Мәселен, респонденттердің 49%-ы – косметика мен парфюмерия сатып алу үшін, 46,5%-ы – үй тауарлары үшін, 42,1%-ы – балаларға арналған тауарлар үшін, 48,1%-ы аксессуар мен хобби және шығармашылық тауарлары үшін онлайн-шопингті таңдайды. Бұл ретте әрбір үшінші тұрғын (33%) маркетплейсте бір тапсырысқа 10 000-нан 30 000 теңгеге дейін ақша жұмсайды. Азаматтардың сыйлықты белсенді сатып алатын ең танымал себептері – туған күн (39,5%), жаңа жыл (34,4%) және әйелдер мерекесі (25%)», дейді «Ozon Қазақстан».