• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:17

Ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль иеленді. Оның екеуі — алтын, үшеуі — қола, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөспірімдер арасындағы сында 59 келі салмақ дәрежесінде Ксения Прозорова мен 61 келіде Бейбарыс Ерсейіт қарсыластарынан оқ бойы озып, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 71 келіге дейінгі салмақта Кира Данилова, 73 келіде Ернұр Мырзахметов және жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Саулебеков қола жүлдеге ие болды.