• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:44

Атырауда балық аулауға шыққан жасөспірім суға батып кетті

10 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға 3 мамыр күні кеште Атырау облысы, Еркінқала ауылында болған. Жайық өзенінен балық аулау кезінде жасөспірім моторлы қайықтан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz 

Атырау облыстық ТЖБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 19 қызметкер, 5 техника және 6 жүзу құралы іздестіру-құтқару жұмыстарына  жұмылдырылған. Сондай-ақ  полиция департаментінің 8 қызметкері, 3 техника және 1 жүзу құралы да қосылған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтап, жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.

Жасөспірім 17 жаста, дзюдомен айналысып, жарыстарға қатысып, болашағынан үлкен үміт күттірген.