Көкшеде күн енді жылына бастаса да, кене шағудың 76 дерегі орын алды. Былтыр 415 оқиға тіркелген екен. Демек, кенеден келетін кесапат аз болмайтын сыңайлы.
–Таяуда көмекке жүгінген 76 науқас келді, – дейді Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің менеджері Әлия Кенжебекова, – қазірдің өзінде 76 екпе жасадық. Қосымша 50 иммуноглобулиндік сынама алынды.
Табиғат аясында болған кезде адамдар сақтануы керек. Үйге келген соң мұқият тексерілген жөн. Қапелімде денеңізден кене табылса, ауруханаға барған абзал.
Көкшетау