• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ Кеше

Мұрағат майданнан сыр шертеді

70 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының мемлекеттік мұрағатында 1911 жылдан бас­тап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қала, облыс тарихына тікелей байланысты құжаттар сақталған. Мұрағат қорын­да Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына байланысты бір­шама мәлімет бар. Кеңес Одағы батырлары мен со­ғысқа қатысушылардың №322 құжаттар топтамасына жез­қазғандық ардагерлердің жеке тектік құжаттары енгізілген.

Қазіргі таңда бұл қор аса құнды материал қатарына алынған. Бұл қорда жезқазғандық Кеңес Ода­ғы­ның батырлары Николай Гри­горьев, Аркадий Зенковский, Федор Иванишко, Николай Кол­басов, Петр Миллер, Қазбек Нұр­жанов, Николай Подсадник, Олег Щербаковтың қысқаша өмір­баяны, марапат қағаздарының көшірмелері, майдандағы жеке ерліктерінің мазмұны берілген. Одан әрі «Даңқ» орденінің толық иегерлері – Федор Белов, Виктор Курьятов, Николай Калмыков, Василий Спицын, Жақсымбет Үншібаевтардың қысқаша дерек­тері, марапат тізімдері, фото­құжаттары сақталған.

Осы қорда Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, еңбек жолын Жезқазған өңіріне арнаған, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты Жангер Жанасовтың жеке, қызметтік және қоғамдық қызметіне қатысты құжаттары, Жа­­ғыпар Ирмухамедов, Мұқан Бала­­панов, Ибадат Қылышбеков, Ко­­жа­лепес Калиев, Мырзағали Бай­­бо­сынов, Федор Андреевич Сазо­­ненко, Зейін Жүрсіновтердің құжаттары сақтауға алынған.

1994 жылы мемлекеттік мұ­рағат­қа жергілікті «Джез­казган­ская правда» газеті редак­ция­сының ұжымы тапсырған Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың майданға қатысты естелік-хат­тарын, жур­налистердің және облыс өлке­та­нушыларының ардагерлер жа­йындағы мақалалары мен жазбалары да осы қорды толықтырған.

Ұлытау облысы мемлекеттік мұрағаттың Құжаттарды ғылы­ми пайдалану және жариялау бө­лі­мінің басшысы Айнұр Нұриддинова:

– Соғысқа қатысушылардың қоры қазіргі уақытқа дейін толықтыру жұмысын жүргізіп келеді. Мысалы, 2024 жылы майдангер Абжаппар Ташимовтің құжаты қосылса, 2025 жылы I, II дәрежелі «Отан соғысы», III дәрежелі «Даңқ», екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Бектай Абсаттаровтың, майдангер, II дәрежелі «Отан соғысы», II, III дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегері, Еңбек ардагері Түсіп Секемановтың құжаттары сақтауға алынды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы қилы кезең, ардагерлер туралы құнды деректер мемлекеттік архивтің жеке тектік қор иесі, белгілі өлкетанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сүтемген Бүкіровтің қорында да бар. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарсақбай, Жезқазған, Никольский, Жезді, Ұлытау әскери комиссариатынан шақырылып, хабар-ошарсыз кеткендердің, қаза тапқандардың тізімі, 1941–1944 жыл­дардағы «За медь» газетінің көшірмелері, қаһарлы жылдардағы Қарсақбай-Жезқазған туралы, ҰОС батырлары жайында мақалалар, ардагерлердің өмірбаяны, марапаттары туралы мәліметтер, суреттері жинақ­тал­ған. Ұлы­тау­дан шыққан жауынгер Баубек Бұлқышев туралы, «Жез­қаз­ған­дық бес боздақ» – Жанахмет Баяхметов, Тәшібай Әл­мұхан­бетов, Шәріп Қалманбаев, Шаһарап Сақтағанов, Қапатай Райым­беков хақында жинақтаған құ­жаттар топтастырылған, – дейді.

Бұл жерде айта кетерлік жайт, өлкетанушы Сүтемген Бүкіровтің қоры да аса құнды құжаттар қорына енгізілген. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына байланысты Отан қорғау жолында құрбан болған жауынгерлерге арналып шыға­рыл­ған «Боздақтар» кітабының 2 томы Жезқазған облысының жауынгерлеріне арналған.

Екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагерлері Мә­кен Төрегелдин мен Қалкен Мәкен­баевтың жеке тектік қорлары сақтауға алынған. Сондай-ақ №545 жеке тектік қор иесі өлке­­танушы, жинақтаушы Саят Жалпақовтың құжатта­рында да ҰОС ардагерлері жайында мәлі­­меттер кездеседі.

Бұған қоса мұрағатта «Ақпа­рат­тық технологиялар және аудио­­­визуалдық құжаттардың сақта­­луын қамтамасыз ету» бөлі­мінде майдангерлер мен еңбек ардагерлерінің берген сұхбат­тарының бейнеқұжаттары мен фотоқұжаттары сақталған.

 

Ұлытау облысы