• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң 29 Сәуір, 2025

Шерзат Полат ісінде мылтықты кім шығарғаны айтылды

50 рет
көрсетілді

Бүгін Жетісу облысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша келесі сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысының 2-бөлімінде айыпталушылардың бірі Абзал Шынасылды Менделеев көшесіндегі «Қамажай» дүкеніне жеткізген  Талғат Әшірбаев пен  Әділ Тілеубекұлы куәгерлік етті, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы Абзал Шынасыл Әшірбаев Талғатпен «Эйфория» кафесінде жолығып қалған. Аталған екеудің колледж қабырғасында бірге оқығаны анықталды.   Абзал Шынасыл Мерседес көлігіне сыймай қалғандықтан өзіне қажет мекен жайға жеткізіп тастауды сұраған және «Қамажай» дүкенінің қасынан түсіп қалған. Осы сәтте көліктің артқы бөлігінде отырған  Әділ Тілеубекұлы мылтықты былтыр желтоқсан айында денесі табылған Нұрқанат Ғайыпбаевтың алып шыққанын айтты. 

«Мылтық ұстаған адам сұр машинадан шықты. Сақалды, кепка мен қара шалбар, сұр киім киген  Нұрқанат Ғайыпбаев жоғары жаққа қарай атты. Одан кейін қаңғыған оқ тиіп кетпесін деп ол жерден кетіп қалдық», деді  Әділ Тілеубекұлы.

Сондай-ақ, сот барысында жәбірленушінің қорғаушылары бір көлікте келген айыпталушы Абзал Шынасылдың оқиға болған күні киген киімін сипаттауды сұрағанда үстіңгі бөлігіне киген киімдерді сипаттап, қалған киімдері есінде жоқ екенін жеткізді.