ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмарал Әлназарова Берденовтің жағдайы әлі тұрақты, бірақ ауыр екенін айтты.
«Хирургтардың екі бригадасы келгеннен кейін төрт сағат ішінде барлық қажетті шұғыл операциялық көмек көрсетілді. Науқасқа ота жасалып, жағдайы тұрақтандырылды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп-тұра алады, бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында», деп түсіндірді ведомство басшысы сейсенбі күні ҚР Үкіметінің отырысында.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оның жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.