1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагоны пайда болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Осы бағытта әйелдер вагоны іске қосылса, ел пойыздарындағы әйелдер вагонының саны 12-ге жетеді.
Қазір әйелдер вагоны мына бағыттарда бар:
№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;№45/46 «Павлодар – Түркістан»;№37/38 «Маңғыстау – Семей»;№47/48 «Атырау – Астана»;№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;№4/3 «Астана – Алматы»;№71/72 «Астана – Шымкент»;№354/353 «Астана – Семей»;№24/23 «Ақтөбе – Алматы»;№25/26 «Алматы – Шымкент»;№614/613 «Орал – Маңғыстау».
Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Осы вагондарда әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.