• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Экология 27 Сәуір, 2025

Қарағайлы орман өсетін болады

40 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының жанындағы Борки шағын ауданындағы «Мещан орманы» аталатын орман алқабына облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 15 мың түп қарағай көшетін отырғызу басталды. 

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу» күніне арналған бұл шараға басқарма 200-дей адамды тартып, 1,5 гектар алқапты қарағайдың көшетіне қаптатты. «Бірер жылда құнарлы жерге отырғызылған көшеттер қаулап шыға келіп, қарағайлы орман қалпына келеді», дейді басқарма басшысы Т.Исманов.

ПЕТРОПАВЛ