• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2025

Жауапсыз мердігерді 135 миллион теңге көлеміндегі айырманы төлеуге міндеттеді

60 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында ауыз судың азабы туралы мәселе көтерілгелі қашан. Тәулігіне 30 мың текше метр суды тазалай алатын құрылғылар қайта жаңғыртылуда. Әйтсе де істің қарқыны ойдағыдай емес.

Бүгінгі таңда зертхана ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қажетті жабдықтар жеткізілген. Жобаға үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Жаңа нысанды іске қосқан кезде облыс орталығы тұрғындарының ауыз суға деген сұранысы толық қанағаттандырылмақ. Ауыз су Шағалалы су қоймасынан алынады. Енді түйткілді мәселе туралы түйінін тарқатып айта кетелік.

Мердігер ұйым жұмысты мамыр айына дейін аяқтаймыз деп уәде берген. Қала басшылары да таза суға қарық боласыздар деген уәделі сөзін айтқан. Алайда, кесілген мерзім маусым айына шегерілді. Шағалалы су қоймасынан алынатын судың бір текше метрі 2 теңге болса, Сергеев су қоймасынан алынатын судың құны 312 теңгені құрайды. Баға айырмашылығы қоймалардың қашықтығына байланысты.

Таяуда облыс әкімі Марат Ахмтжанов жоба 1 маусымға дейін аяқталмаса, мердігер ұйым «Caspian Contractors Trust» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ай сайын шамамен 135 миллион теңге көлемінде шығын айырмасын төлеуге міндеттеді.

Көкшетау.