• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 26 Сәуір, 2025

«Мен енді үйсіз емеспін!»

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Сан-Луис-Обиспо қаласында үйсіз жүрген ер адам лотереядан ойда жоқта 1 миллион доллар (шамамен 82 млн теңге) ұтып алды.

Жеңімпаз алғашында 100 мың доллар ұттым деп ойлаған, бірақ билетінде алты нөл барын көргенде қуанышы еселенген. «Мен енді үйсіз емеспін!» деп билет сатып алған дүкен менеджерімен қуанышын бөліскен. Енді ол ұтыстың бір бөлігін үй мен көлікке жұмсап, қалғанын инвестицияламақ. «Көшеден кететін күнімді асыға күтіп жүрмін», дейді жеңімпаз.