• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 26 Сәуір, 2025

Ұшқышсыз ұшақ

80 рет
көрсетілді

Қытайдың жасанды интел­лектімен жабдықталған жаңа «Rainbow-9» атты ұшқышсыз басқарылатын аппараты 10 мың шақырымнан астам қашықтықты бағындыра алады.

Бұл құрылғының ерекшелігі – оған жасанды интеллект жүйесі орнатылған. Сарапшылардың айтуынша, «Rainbow-9» ЖИ көмегімен бірнеше дронды бір уақытта басқара алады. Ең таңғаларлығы – ол әуеде 40 сағатқа дейін тоқтаусыз қалықтап, 10 мың шақырымнан астам қашықтықты оп-оңай еңсереді. Айта кетейік, ұшу аппаратын жасап шығарған – Қытайдың Аэроғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы.