• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Экология 25 Сәуір, 2025

Балқаштың су деңгейі 12 сантиметрге көтерілді

10 рет
көрсетілді

Балқаш көліндегі су деңгейі бір жылда Балтық биіктік жүйесі бойынша есептегенде 341,52 метрден 341,64 метрге дейін, яғни 12 сантиметрге көтерілген. Ал су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайған. Бұл туралы  Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқашқа 3,8 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 2,9 млрд текше метр болған. Бұл өңірдің экологиялық ахуалына және Іле өзенінің сағасына оң әсерін тигізеді. Министрлік Қапшағай су қоймасын толтыру Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарында суару маусымын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдіріп отыр.

«Министрлік Балқаш көліне қажетті су көлемін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Келесі аптада Франциядан келген сарапшылармен бірге Балқашты сақтау бойынша 2040 жылға дейінгі мастер-жоспарды әзірлеу мәселесін талқылаймыз. Былтыр біз көл алабын бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол жеткізгенімізді еске салғым келеді», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Балқаш көліндегі су көлемі трансшекаралық Іле өзеніне байланысты. Өйткені өзен ағысы Қапшағай су қоймасы арқылы реттеледі. Биыл су қоймасынан Балқашқа 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланған.