• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 25 Сәуір, 2025

Өзгерген ереже

40 рет
көрсетілді

Америка кинематографиялық академиясы «Оскар» сыйлығын тағайын­дау ережесіне екі маңызды өзгеріс енгізді.

Бұдан былай жасанды интеллект технологияларын пайдалану фильмнің марапатқа ұсынылуына кедергі емес. Яғни жасанды зердемен жасалған фильмдер де «Оскарға» үміткер бола алады. Бірақ академия адам еңбегін әлі де басты назарда ұстайтынын атап өтті. Екінші ереже әділдікті күшейтуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, енді қазылар алқасы фильмді толық көрмейінше, дауыс бере алмайды. Бұрын мұндай нақты талап болмаған. Енді академия мүшелері қай фильмді, қашан, қай жерде және қалай көргенін тәптіштеп, арнайы форманы толтыруға тиіс.