• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әдебиет 24 Сәуір, 2025

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздары марапатталды

70 рет
көрсетілді

23 сәуірде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлық иегерлері, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты. Іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға кейінгі екі жылда жарық көрген отандық авторлардың туындылары ұсынылып, 9 номинация жеңімпаздары мен «Жыл кітабы» анықталды.

Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне орай 16–23 сәуір аралығында республика бойынша 300-ден астам тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтті. Оған алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Іс-шара барысында сирек кітаптар мен қолжазбалар, Жеңістің 80 жылдығына арналған әдебиеттер, сондай-ақ 2024 жылы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген 200-ге жуық кітап пен суреттердің көрмесі ұсынылды.

Байқауға 120-дан астам өтінім түскен. Әр номинация бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Балаларға арналған үздік кітап»

1 орын:

«ATA Creative Hub» баспасы Елдос Тоқтарбай. Тау құсы. – Елдос Тоқтарбай

2 орын: «Көкжиек-Горизонт» баспасы Бекен Ыбырайым. Көйлек киген көбелек. – Дуйсенбекова Жазира Адиловна

3 орын: «Дарынды бала» орталығы Дарынды бала әлемі. Әлем халықтарының ертегілері. – Хамитова Айнагуль Каирбековна

«Үздік комикс»

1 орын: «KHAN COMICS» баспасы

Жакуп О. Еркетай комикс. – Жакуп Оразхан Мұратбекұлы

2 орын: «Steppe&World» баспасы Саққұлақ – Раиса Сайран Қадір

3 орын: «НЗМ» ДББҰ Қазақ халқының күй-аңыздары – Алмасбаева Айсұлу Жумабековна

«Нон-фикшн бағытындағы үздік кітап»

 1 орын: «Отбасы хрестоматиясы» баспасы Қаныш және ғылыми майдан. – Құдияров Бағдат Болатұлы

2 орын: «Alqa Publishing» баспасы Атың шықпаса, подкаст жаса. – Хасанова Баян Кумаровна

3 орын: «AmalBooks» баспасы Смағұлов О. Өмірімнің мәні мен сәні. – Бухарбаев Бақытжан Сагитжанович

«Детектив жанрындағы үздік кітап»

1 орын: «Фолиант» баспасы Кемел Тоқаев. Түнде атылған оқ. – Тобашалова Фарида Рахымжановна

2 орын: «Zerde Publishing» баспасы Э. Воронцов. Дело было в Алматы. – Краснова Дана Олеговна

3 орын: «Arna-b» баспасы Ғ. Құлахмет. Үйірі жоқ көкжал. – Ойсаев Бақыт Бекболатович

«Сатира жанрындағы үздік кітап»

1 орын: «Mereke baspasy» О. Аубакиров. Волшебник Кенжеғазы Кенебаев

2 орын: «Фолиант» баспасы Қанағат Әбілқайыр. Періштелер жоқ жерде. – Тобашалова Фарида Рахымжановна

3 орын: «Көкжиек-Горизонт» баспасы Ахмет Байтұрсынұлы. Қырық мысал. – Дуйсенбекова Жазира Адиловна

«Үздік иллюстрациялық кітап»

1 орын: «Издательство Золотая Книга» Титенев В. З. Абай даналығы. – Яковлева Наталья Геннадьевна

2 орын: «Steppe&World» баспасы Марко Полоның шытырманға толы саяхаты. – Раиса Сайран Қадыр

3 орын: «Алматыкітап» баспасы С. Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. – Саймасаева Гаухар Айтжановна

«Үздік аударма кітабы»

1 орын: «Arman-PV» баспасы Ғажайып 8 POP-UP топтамасы. – Динара Сұлтан

2 орын: «Qasym» баспа үйі Тарих. – Касембекова Аида Кабылтаевна

3 орын: «Marfu Press» баспасы Портер Э. Поллианна. – Шапиян Марфуға Ермекқызы

«Фантастика жанрындағы үздік кітап»

1 орын: Steppe&World баспасы Скандар мен сыңармүйіз ұрлаушы.  – Раиса Сайран Қадыр

2 орын: «Фолиант» баспасы Әмір Шыңғысхан. Заман. Кентаврдың басынан кешкендері. – Тобашалова Фарида Рахымжановна

3 орын: «Астана кітап» баспасы Р.С. Сауытбай. Сұйық тәж. – Нурбавлиев Омарбек Кушкимбаевич

«Үздік баспа»

1 орын: ««Атамұра» баспасы. – Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы

2 орын: «Алматы кітап» баспасы – Саймасаева Гаухар Айтжановна

3 орын: «Фолиант» баспасы – Тобашалова Фарида Рахымжановна

«Жыл кітабы»

Гран При: «Алматы кітап» баспасы «Қазақстан тарихи тұлғалары» сериясы. – Саймасаева Гаухар Айтжановна