Ғарышта өсімдік өсіріп, одан тағам әзірлеу — енді ғылыми фантастика емес. Британдық зерттеушілер қазір осы бағытта тың тәжірибе жүргізіп жатыр.
Зертханада өсімдіктердің ғарыш жағдайында қалай өсетінін тексеріп, олардың жасушаларынан ақуыз, май және көмірсу бөлініп алынады. Артынша бұл биокомпоненттер астронавттарға тағамға айналады. Мұндағы негізгі мақсат – ғарышкерлерге кететін шығынды азайту. Себебі сарапшылардың айтуынша, бір ғарышкердің бір реттік тамақтануына шамамен 10 мың доллар жұмсалады. Сондықтан ғалымдар азық-түлікті ғарышта өндіру тиімдірек деп есептейді. Айта кетейік, жобаны Еуропа ғарыш агенттігі қаржыландырып отыр.