• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Тағзым 22 Сәуір, 2025

«Таразы» – сәуірде батып, тамызда туады

10 рет
көрсетілді

Бүгін 92 жасында қазақтың қабырғалы қаламгері Әкім Тарази пә­ни жалғанның парағын жа­уып­ты.

Ғажайып сәйкестік: дәл осы уақытта «Таразы» шоқжұлдызы да Сүм­білені соңына салып, Үркер­ді жанына алып, жерге түсіп барады. Ол сонау таң суыр та­мыздың ілкі дека­да­сында дү­ниеге қайта ке­ле­ді. Яки жаңа дү­ние, жас төлмен, ­буын­ды шөп, бұлт­ты көкпен қайта қауы­ша­ды…

Әкім ағамыз да ешқашан жербауыр­лап жүрмеген рухты қа­ламдоз. Ілкі туындысы «Құй­рықты жұлдыз» (1966) атал­ған­мен, қаламгердің бұйрықты жұл­ды­зы ұзақ жанды. Әбден то­лысқан ша­ғында «Қорқау жұл­дызды» жаз­ған­мен, Алқау жұлдызы тұңғиыққа емес, тым биікке шырқады. Оның рух қыраны «ұясын бұлтқа салды!» Сол қасиет бәрімізге үлгі!

Алыптар шоғыры аза­йып барады. Бұл Жылан жылы жақсы­ла­рымызды жұтумен жылжуда. Дегенмен ілгеріден үміт күт­кен жұрт едік, түбі қайыр деп, қа­йы­рын сұрайық!

Шаңырағын сұлу сезімдерге бесік қылып, терезесін таза ойларға есік қылып, аңыз адамды бөпедей саялаған, абыз ағамды анадай аялаған Роза ханым Мұқановаға көңілқосымды білдіремін! Қас­терлі шаңырақта ұялаған бақтың сәулесі көшпегей, құттың тәубесі өшпегей!

 

Светқали НҰРЖАН,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын