• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң 22 Сәуір, 2025

Қазақстанда БАҚ-қа мониторинг жүргізу ережесі бекітілді

30 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті жобаны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тиісті департамент «Масс-медиа туралы» Заң аясында мониторинг жүргізудің жаңа ережелерін дайындады.

«Масс-медиа мониторингі жүргізу қағидалары, масс-медиа өнімдерін жинау және талдау процесінің тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның дамуына зиян келтіру, жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзу тұрғысынан белгілейді», делінген жобада.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен бейбіт жиындарға қатысатын журналистің (БАҚ өкілі) қызметінің қағидалары, журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілген еді.