• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 22 Сәуір, 2025

Ақтөбеде үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы сотталды

60 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласының №2 соты үлескерлерді алдау жолымен 421 млн 955 мың теңге жымқырған «Тұрғын үй-құрылыс» кооперативінің  төрағасын  алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айыпкер К. жаза мерзімін өтеп келгеннен кейін де үш жыл басшылық лауазымда қызмет атқара алмайды. Одан өзге 75 үлескердің материалдық шығындарын өндіру туралы талаптары азаматтық іс жүргізу  тәртібімен сот қарауына берілетін болды.

Сотталушы К. 2018-2020 жылдар аралығында үлескерлерді алдау және олардың сенімдеріне кіру арқылы  қомақты қаржыны  аса ірі мөлшерде жымқырғанын мойындады.

«Судья  жазаны жеңілдететін жағдай ретінде  сотталушының кәмелетке  толмаған балаларының болуын және  жасаған  ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді», делінген сот мәлімдемесінде.

Ақтөбе облысы