• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Сәуір, 2025

Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

100 рет
көрсетілді

Қайғылы жағдай 21 сәуір күні болған. Марқұм тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

«Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.