• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2025

Нью-Йорктің беделді заңгері

1210 рет
көрсетілді

Бұл күнде шетелдерде білім жетіл­діріп, абыройлы қызмет атқарып жүрген қазақ жастары баршылық. Олардың әрбір жетістігі елімізге зор мерей.

Осы орайда тағы бір жерлесімізді елге таныс­тырудың сәті тү­сіп отыр. Біраз жылдан бері әйгілі қаладан өз орнын тап­қан Дамира Ба­тырханқызы Жа­натова Нью-Йорк адвокаттар алқасы құ­рамына енген алғашқы қазақ қызы екенін атап айтқан жөн.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітіріп, БҰҰ-да еңбек жолын шыңдаған отандасымыздың аталған мәртебеге көтерілуі заңгерлік істе дара шығуының нәтижесі. «Талаптыға нұр жауар» деген осы. Жаңаарқаның кешегі түлегі, Нью-Йорктің бүгінгі белді заңгері.

 

Айқын НЕСІПБАЙ

АЛМАТЫ