• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2025

Есіл өзені тасыды: Петропавлда кей елдімекенге кіруге шектеу қойылды

0 рет
көрсетілді

Петропавлдағы Заречный кентіне барар жолды су басты. Осыған байланысты автокөліктің барлық түріне жүруге уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап тұрғындар елдімекенге құтқарушылардың көмегімен ғана кіріп-шығып жатыр. Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шара. Сондай-ақ мамандар бұл жерде тәулік бойы кезекшілік атқарады.

- Бұл жолды Есіл тасығанда үнемі су басады. Қазір Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Өрт сөндіру көлігін әкеліп қойдық. Біздің екі «вахтовка» көлігіміз жолға шықты. Олар таңғы сағат 6.30-дан бастап, 20.00-ге дейін кент тұрғындарын тасиды. Су көтеріліп жатыр, әзірге бірақ үйлерді су басу қаупі жоқ, - дейді Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ержан Шәріпов.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзенінің су деңгейі әлі көтеріліп жатыр. Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулікте 23 см көтерілді. Қазір бөгеттің жотасынан асып төгілу биіктігі 244 см жеткен. Былтырғы антирекорд – 425 см. Петропавл қаласының маңында бір тәулікте 2 см өзгерді.