• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Сәуір, 2025

Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізілді

0 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр. Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон стансасында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.

Теміржолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі – 2,2 мың тонна. Ол – өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Зәру дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберіледі. Гуманитарлық көмек «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді.

Еліміздің Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов атап өткендей, Қазақ­стан ауған халқын қолдауды жалғастырып, екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. Тек гуманитар­лық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруа­шылығы саласындағы ынтымақ­тастықты тереңдетуге дайын.

21-23 сәуір аралығында вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған Қазақстан делегация­сы Кабулға барады. Сапар шеңберінде Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесулер, отандық тауарлардың көрмесін өткізу жоспарланып отыр.