• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Зерде 18 Сәуір, 2025

Робототехника жарысына 7 команда аттанды

0 рет
көрсетілді

Хьюстонда (АҚШ) өтетін FIRST Championship атты оқушыларға арналған ең беделді инженерлік жарысқа Қазақстан командалары аттанды, деп жазады Egemen.kz.

110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірген биылғы чемпионат маусымының тақырыбы – суасты әлемін зерттеу және қорғау. Биыл Қазақстан аталған байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда – бірден 7 командамен қатысып отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты – Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: Atlantis – «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы; PID – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Cristabol – Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset – «Skillset» мектебі, Астана қаласы; JelToqSun және Rasslexx – «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.