• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң 17 Сәуір, 2025

Шерзат Болаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті

0 рет
көрсетілді

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды.

Талқылау аясында сот процеске қатысушылардың бірқатар өтінішхаттарын қарады.

Одан кейін мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін жариялады.

Сот сотталушылардың айыптауға қатысты пікірлерін анықтады.

Сондай-ақ сот іс материалдарын зерттеу тәртібін бекітті: бірінші кезекте жәбірленушілер, содан кейін куәлер, одан соң - сотталушылар сұралады. 

Әрбір сұралған тұлғаға қатысты тиісті іс материалдары зерттеледі.

Келесі сот отырысы 2025 жылдың 18 сәуіріне сағат 10:00-ге белгіленді (жұмыс уақытының аяқталуына байланысты).