Ақмола облысының полицейлері банктік қосымшалар арқылы жасалатын ұрлықтарды тергеп жатыр және сақтық шаралары туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Біржан сал ауданының полиция бөліміне арыз түсірген жергілікті тұрғынның айтуынша 22 наурызда көршісі оның атына банктің мобильді қосымшасы арқылы 1,2 млн теңге сомасында тауарлық несие рәсімдеген.
Күдікті кінәсін толық мойындады, факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мәліметтері және полицейлердің сақтық тұрғысындағы ескертулері Polisia.kz сайтында хабарланды.