Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әл-Фарабидің ойлары кейінгі саяси-философиялық дәстүрлерді түсінуге маңызды бағдар болды
Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.
Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.