СҚО-дағы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алған, деп жазады Egemen.kz.
Бас Прокуратура айыпталушылардың кінәсі нақты фактілермен дәлелденсе де өздері оны мойындамағанын мәлімдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғаларды 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға соттаған.
Сонымен қатар, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды жұмыстарды атқаруға тыйым салынған. Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген.