• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2025

Сейсмикалық жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды

40 рет
көрсетілді

Жедел штаб Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс орнатылды. Министрлік жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Сондай-ақ аймақтағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ТЖМ мониторинг жалғастырып Жамбыл облысындағы жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.

«Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын. Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды, қауіп жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.