• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2025

Қызылорда облысында қарғын судан қауіп жоқ

68 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Себебі Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылып, сең Кіші Арал теңізіне жеткен.Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Осы қашықтықта су тасқыны жағдайы тіркелмеген.  Министрлік, облыста өзендегі су деңгейіне мониторинг жасау жалғасатынын айтып, тұрғындарды су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.