• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Құрылтай 14 Наурыз, 2025

Қазақстанда үш АЭС салынуы мүмкін

127 рет
көрсетілді

Бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында  Қасым-Жомарт Тоқаев бір емес, үш атом электр стансасын салып, толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептейтінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді.

Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін», деді ️Мемлекет басшысы.