• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Заң 13 Наурыз, 2025

Таразда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқандар сотталды

71 рет
көрсетілді

2023 жылдың қыркүйегінде облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан адамдар тобын ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 2 қызметкері, 1 программист маманы мен 4 делдал алдын ала сөз байласу арқылы Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына заңсыз жүргізуші куәліктерін жасаған.

Заңсыз жолмен куәлік алғандар бұған дейін емтиханнан сүрініп келген. 

Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкері өзінің сыбайласы Алматы қалалық МХҚКО-ның программист-маманы арқылы Түркістан облысының тұрғынын практикалық емтихан тапсырмағанына қарамастан, емтиханнан сәтті өткенін ақпараттық жүйе арқылы растаған.Сотталушылар 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі қаражатты түрлі облыстардың делдардары арқылы Тараз қалалық МХҚКО-ның қызметкеріне жинап, араларында өзара бөлінген. Осы тектес қылмыстық схема 20 азаматқа қатысты жүзеге асырылған. 27 ақпан күні Тараз қалалық №2 соты МХҚКО-да заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан адамдар тобына қатысты айыптау үкімін шығарды. Кінәлі тұлғалар 3,6 жылмен 4,6 жыл аралығында шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органының талабы бойынша заңсыз алынған жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.