Астрономдар аспанда ерекше рентген жарқылын байқады. Оның ұзақтығы небәрі 10 секунд болған.
Зерттеушілер бұл сирек кездесетін барстер немесе магнетардың белсенділігі болуы мүмкін деген болжам айтады. Тіпті бұл әлемдегі мүлде жаңа құбылыс болуы ықтимал деген тұжырым да жасап отыр. Ғалымдардың айтуынша, егер мұның мәні ашылса, ол ғарыштағы рентген жарқылдарын зерттеудің жаңа бағыт беріп, бізге әлі беймәлім құбылыстардың құпиясын ашуы мүмкін.