Франциялық «Constellation Technologies & Operations» стартапы 2025 жылдың маусымында «5G mmWave» технологиясымен жабдықталған әлемдегі алғашқы спутникті орбитаға шығармақ.
Бұл – Жерге ғарыштан жоғары жылдамдықты интернет таратуға арналған алғашқы тәжірибе. Жоспар бойынша, спутниктің деректерді өткізу қабілеті жүктеу жылдамдығы 150 Мбит/с, ал жүктеу жылдамдығы 50 Мбит/с болады. Болашақта компания 1500-3400 спутниктен тұратын топтаманы орбитаға орналастыруды көздеп отыр. «Constellation Technologies & Operations» стартап мақсаты «Starlink» секілді ірі спутниктік жобалармен бәсекеге түсу емес, алыстағы аймақтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға мүмкіндік беретін біртұтас спутниктік желі құру екенін атап өтті.