Ақын, суретші, кинорежиссер Ричард Сикеннің тәсілі тіптен қызық. Бірінші кітабы жарық көрген соң, айтары таусылып, жан дүниесі бос қалғандай күй кешеді. Алайда суретшілік өнері екінші тынысын ашып, жазуға деген ынтасын оятады. Бірақ қызығы бұл емес.
Ол: «Өзім жек көретін шығармаларды оқығанда, оған қарсы бірдеңе істегім келіп тұрады», дейді. Осылай өзі ұнатпайтын ойлармен қайшылыққа түсу арқылы шабыттанған. Бәлкім, өз ойың бар тұлға екеніңді сезіну ұлы күш шығар?